Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 12 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 12 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

130 қаралым

Іле ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қазандағы №324 қаулысына сәйкес, ауданда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 12 қазаннан басталады.

Жылу бірінші кезекте білім беру, денсаулық сақтау мекемелері және басқа да әлеуметтік нысандарға беріледі. Одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де нысандар кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосылады.

Жылумен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші ұйымдарға қазандықтарды уақытылы іске қосып, жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Іле ауданы

↑