Алматы облысы Кеген ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ақмаржан Бейсеева Ақсай орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушылар мен ата-аналарына құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық және жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, буллингке жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және әр әрекетіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.
Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті. Тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғамның кепілі!
Тәртіп бар жерде, қауіпсіздік бар.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
