Қоғамның тұрақты дамуы заң талаптарының баршаға бірдей орындалуына байланысты. Заң үстемдігі азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. Әр адам өз әрекетінің құқықтық салдарын түсініп, белгіленген талаптарды сақтауы тиіс. Бұл қағида мемлекеттік органдардың жұмысына да, азаматтардың күнделікті өміріне де ортақ. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру отбасынан басталып, білім беру ұйымдары мен қоғамдық ортада жалғасады. Тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі. Заңды құрметтеу мен жауапкершілікті сақтау – әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.
Ерзат АСЫЛ
