Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Заңды білу аз, оны құрметтеу маңызды

Заңды білу аз, оны құрметтеу маңызды

52 қаралым

Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның негізі. Құқықтық мәдениет бала кезден қалыптасады. Отбасындағы тәрбие, мектептегі білім және үлкендердің үлгісі жас ұрпақтың жауапкершілігін арттырады.

Өзгенің құқығын құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау — әр азаматтың міндеті. Әсіресе, жастарға өз әрекетінің салдарын түсініп, заң талаптарын сақтаудың маңызын ұғындыру қажет.

Құқықтық сауаттылық адамға өз құқығын қорғауға ғана емес, өзгелердің де құқығын құрметтеуге көмектеседі.

Заңға құрмет — жазадан қорқу емес, саналы жауапкершілік. Заң мен тәртіп әр азаматтың күнделікті әрекетінен басталады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑