Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жастар таңдауы – салауатты өмір

Жастар таңдауы – салауатты өмір

12 қаралым

Жас ұрпақтың дені сау, білімді әрі белсенді болып қалыптасуы ел болашағы үшін маңызды. Алайда есірткіге әуестік адамның арманы мен мақсатына жетуіне кедергі келтіреді. Оның зардабы денсаулыққа ғана емес, оқуына, кәсіби дамуына және жақындарымен қарым-қатынасына да әсер етеді. Осыған байланысты жастар арасында есірткінің зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер мен еріктілік бастамалары жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар жастардың өз қабілетін ашып, пайдалы орта қалыптастыруына көмектеседі. Әр жас зиянды ұсыныстарға қарсы тұрып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауы керек. Саналы таңдау мен салауатты өмір – табысты келешектің негізі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑