Жастардың дені сау, білімді әрі жауапты болып қалыптасуы елдің болашағы үшін ерекше мәнге ие. Алайда есірткіге әуестік адамның өмірлік мақсатына жетуіне кедергі келтіріп, денсаулығына орны толмас зиян тигізуі мүмкін. Осыған байланысты жасөспірімдер арасында есірткінің қауіптілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Мектептер мен колледждерде мамандардың қатысуымен кездесулер өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жастарды спортқа, шығармашылыққа және қоғамдық жұмыстарға тарту олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күмәнді ұсыныстарға ермеу, бейтаныс адамдардан белгісіз заттарды алмау және заң талаптарын сақтау әрбір жас үшін маңызды. Есірткіден азат ұрпақ тәрбиелеу үшін отбасы, білім беру ұйымдары және қоғам бірлесе әрекет етуі тиіс.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

