Жастар – елдің болашағы. Сондықтан олардың құқықтық сауатты болуы қоғам үшін аса маңызды. Заңды білетін жас өз әрекетінің салдарын түсінеді. Құқықтық білім түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Мектепте, колледжде және жоғары оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет. Жастар өз құқықтарымен қатар міндеттерін де білуі тиіс. Заңға құрмет отбасынан және білім беру ортасынан қалыптасады. Құқықтық мәдениеті жоғары ұрпақ елдің тұрақты дамуына үлес қосады.
Құралбек СӘБИТОВ
