Перейти к содержимому

Жаяу жүргінші де жауапты

128 қаралым

Жол қауіпсіздігі тек жүргізушілерге байланысты емес. Жаяу жүргінші де белгіленген талаптарды сақтауы қажет. Жолды тек арнайы өткелден кесіп өткен дұрыс. Бағдаршамның қызыл түсінде жолға шығуға болмайды. Құлаққаппен немесе телефонға алаңдап жүру де қауіпті болуы мүмкін. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану қауіпсіздікті арттырады. Балаларға жол ережесін ата-ана күнделікті түсіндіріп отырғаны жөн. Әрбір сақтық қадамы адам өмірін қорғауға бағытталған.

Ерзат АСЫЛ

↑