Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жеке деректерді қорғау – цифрлық дәуір талабы

Жеке деректерді қорғау – цифрлық дәуір талабы

49 қаралым

Қазіргі уақытта адамның жеке ақпараты түрлі интернет-платформаларда сақталады. Телефон нөмірі, электрондық пошта, құпиясөз және банк деректері алаяқтардың қолына түссе, бұл қаржылық әрі жеке қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін.
Сондықтан әр қолданушы өз аккаунттарының қорғалуына мән беруі керек. Күрделі құпиясөз қолдану, екі факторлы қорғанысты қосу және күмәнді сілтемелерден бас тарту – қауіпсіздіктің негізгі шаралары. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде жеке құжаттардың суреттерін және құпия ақпаратты жарияламаған дұрыс.
Интернетте кез келген ақпаратты бөлісер алдында оның кімге қолжетімді болатынын ойланған жөн. Цифрлық сауаттылық тек технологияны пайдалануды емес, өз деректеріңді қорғауды да қамтиды.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑