Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Оңай табыс» ұсынысының артында не тұр?

«Оңай табыс» ұсынысының артында не тұр?

19 қаралым

Әлеуметтік желілерде аз уақыт ішінде көп ақша табуға шақыратын ұсыныстар жиі кездеседі. Кейбіреулер мұндай хабарландыруларға қызығып, өз қаражатын салып немесе таныстарын жобаға шақырып жатады. Алайда табыс көзі түсініксіз, ал пайдасы нақты дәлелденбеген ұсыныстар қаржылық тәуекелге әкелуі мүмкін.
Әсіресе жаңа қатысушыларды тарту арқылы ақша табуды ұсынатын жүйелерге сақтықпен қараған жөн. Мұндай жобаларда алғашқы қатысушылар пайда көргенімен, кейін қосылған адамдар шығынға ұшырауы ықтимал.
Кез келген инвестициялық ұсынысты қабылдамас бұрын ұйым туралы ақпаратты тексеріп, шарттарын мұқият оқып шығу қажет. Қажет болса, қаржы саласындағы мамандардан кеңес алған дұрыс. Қаржылық шешім эмоцияға емес, нақты ақпаратқа сүйенуі керек.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑