Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жолдағы тәртіп – өмір қауіпсіздігі

Жолдағы тәртіп – өмір қауіпсіздігі

36 қаралым

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігінен басталады. Жүргізушілер жылдамдықты белгіленген шектен асырмай, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Қауіпсіздік белдігін тағу және балаларды арнайы орындықта тасымалдау адам өмірін қорғауда маңызды рөл атқарады. Жаяу жүргіншілер де жолды тек белгіленген жерден кесіп өтіп, бағдаршам сигналдарына назар аударуы керек. Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау жүргізушінің назарын төмендетіп, қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Ауа райы қолайсыз болғанда жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажет. Жол ережесін бұзбау – өз өміріңді ғана емес, өзгенің өмірін де қорғау. Жолдағы жауапкершілік әрдайым бірінші орында тұруы тиіс.

Құралбек СӘБИТОВ

↑