Тазалық – қоршаған ортаны қорғаудың ғана емес, тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің де көрсеткіші. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы елдімекендердің көркін жақсартып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Әрбір тұрғын өз ауласының тазалығына мән беріп, көшелер мен қоғамдық орындарды күтіп ұстауға үлес қоса алады. Сенбіліктер ұйымдастыру, қоқысты арнайы орындарға тастау және жасыл желектерді қорғау – ортақ міндет. Мұндай игі істер ауылдар мен қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Әсіресе, өскелең ұрпаққа тазалықты сақтаудың маңызын түсіндірудің мәні зор. Қоршаған ортаға құрмет отбасынан басталып, бүкіл қоғамның өмір салтына айналуы қажет. Туған жердің тазалығын сақтау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
