Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жылдамдықты азайту – қайғылы жағдайлардың алдын алу

Жылдамдықты азайту – қайғылы жағдайлардың алдын алу

41 қаралым

Көлік жылдамдығын белгіленген мөлшерден асыру жолдағы қауіптің артуына себеп болады. Жылдамдық жоғарылаған сайын жүргізушінің күтпеген кедергілерге дер кезінде әрекет ету мүмкіндігі төмендейді. Сондықтан жол белгілеріне назар аударып, елді мекендерде және жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда ерекше сақтық таныту қажет. Алыс жолға шықпас бұрын көліктің техникалық жағдайын тексеру де маңызды. Шаршаған немесе ұйқысы қанбаған жүргізушінің көлік басқаруы жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Жүргізушілер жол жағдайына қарай қозғалыс қарқынын реттеп, өзге қатысушыларға құрметпен қарағаны жөн. Бірнеше минутты үнемдеу үшін адам өмірін қатерге тігуге болмайды. Жолдағы сабыр мен сақтық – қауіпсіз сапардың кепілі.

Ерзат АСЫЛ

↑