Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ақша аспаннан жаумайды: қаржы пирамидасының тәтті уәдесі

Ақша аспаннан жаумайды: қаржы пирамидасының тәтті уәдесі

47 қаралым

Интернеттегі алаяқтық күнделікті өмірдің жаңа қауіптерінің біріне айналды. Әлеуметтік желілерде жалған ұтыс ойындары, арзан тауарлар туралы хабарландырулар мен күмәнді инвестициялық ұсыныстар жиі кездеседі. Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, жеке мәліметтері мен банк деректерін иемденуге тырысады.
Әсіресе «ақшаңызды екі есе көбейтеміз», «аз уақытта жоғары табыс табасыз» деген уәделерге сақтықпен қарау қажет. Қаржы пирамидалары көбіне алғашқы қатысушыларға пайда көрсетіп, кейінгі адамдардың қаражаты есебінен жұмыс істейді.
Ешкімге банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпиясөздерді беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерді ашпай, қаржылық ұсыныстардың заңдылығын тексерген жөн. Интернеттегі қауіпсіздік ең алдымен адамның сауаттылығына байланысты.

Ерзат АСЫЛ

↑