Қоғамдық қауіпсіздіктің бір тірегі – тұрғындардың өзара байланысы. Көршілер бір-бірінің жағдайынан хабардар болып, ортақ мәселелерді бірге шешкен кезде ауладағы тәртіп те нығая түседі.
Кейде қарапайым ғана әрекет үлкен мәселенің алдын алуы мүмкін. Мәселен, ауладағы күмәнді жағдайға назар аудару, жалғыз тұратын қарттарға көмектесу немесе балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Тұрғындар мен учаскелік полиция инспекторларының тұрақты байланысы да құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікке бейжай қарамайтын ортада адамдардың өзара сенімі артады.
Ерзат АСЫЛ

