Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жолдауға – қолдау: басым бағыттар талқыланды

Жолдауға – қолдау: басым бағыттар талқыланды

67 қаралым

Қонаев қалалық Мәдениет үйінде ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауында көтерілген басым бағыттарды талқылау мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесу өтті.
Басқосуға ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов, ҚР Құрылтайының депутаты Ләззат Жылқыбаева, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов қатысты.


Жиынды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Сапарұлы ашып, басқосудың негізгі мақсаты Жолдауда Мемлекет басшысы белгілеп берген стратегиялық бағыттарды талқылау екенін атап өтті. Жолдауда көзделген міндеттерді толыққанды жүзеге асыру ел экономикасының әлеуетін арттыруға және мемлекеттің тұрақты дамуына оң ықпал ететінін алға тартты.


Құрылтай депутаты Ләззат Жылқыбаева әлеуметтік саланың маңызына тоқталып, ондағы өзгерістер жаңашылдық қана емес, қоғамдағы еңбек қатынастары мен жұмыспен қамту құрылымын қалыптастыратын маңызды құрал екенін жеткізді. Жүздесуде сөз алған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртөре Жүсіп Президент Жолдауында халықаралық геосаяси жағдайдағы сын мен қатер ескерілгенін айтты. Сонымен қоса ол «Халықтық құрылыс» бастамасына айрықша тоқталды.


ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында айқындалған орта және шағын бизнесті қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын кеңінен сөз етті. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Суреттерді түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ

Ерзат Асыл
Қонаев қаласы

↑