Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысының Құрметті азаматы Ерболат Тұрымбетов сайлауда дауыс берді

Алматы облысының Құрметті азаматы Ерболат Тұрымбетов сайлауда дауыс берді

41 қаралым

Іле ауданында өтіп жатқан сайлау науқанына өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткерлері мен беделді азаматтары белсене қатысуда. Солардың бірі — Алматы облысының Құрметті азаматы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Бүкіл саналы ғұмырын туған өлкенің өркендеуіне,
әлеуметтік-экономикалық салалардың нығаюына және қоғамдық келісімнің сақталуына арнаған Ерболат Сапарұлы — аудан мен облыс жұртшылығы арасында зор беделге ие тұлға. Оның бүгінгі сайлау учаскесіне келіп, азаматтық парызын өтеуі — ел болашағына деген жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Сайлау учаскесінде Құрметті азаматты учаскелік комиссия мүшелері мен жергілікті тұрғындар зор ілтипатпен қарсы алды. Ерболат Сапарұлы дауыс беру үдерісінің жоғары деңгейде, ашық әрі ұйымшылдықпен ұйымдастырылғанын атап өтіп, мұндай маңызды саяси науқандар әрбір қазақстандықтың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыратынын жеткізді.
«Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы — бұл ең алдымен өз елінің, өз өңірінің ертеңіне деген сенімі мен жауапкершілігі. Біз бүгінгі таңдауымыз арқылы балаларымыз бен немерелеріміз өмір сүретін қоғамның іргетасын қалаймыз. Іле ауданының, бүкіл Алматы облысының одан әрі гүлденуі үшін әрқайсымыздың дауысымыз маңызды. Сондықтан барша жерлестерімді белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырамын», — деді Алматы облысының Құрметті азаматы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов.
Учаскелік сайлау комиссиясының өкілдері өңірдің құрметті ақсақалдары мен беделді тұлғаларының сайлауға қатысуы жастарға үлгі болып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайта түсетінін атап өтті. Іле ауданында дауыс беру науқаны жалғасуда.

↑