Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Балқаш өңірінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға арналған маңызды шара өтті

Балқаш өңірінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға арналған маңызды шара өтті

129 қаралым

«Оқыған ұлт – озық ұлт» — бұл жай ғана әдемі ұран емес, бұл бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның  болашағын айқындайтын басты бағдар. Өркениет көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті ел болудың бірден-бір жолы – халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың санасына ұлттық руханият пен білім құндылықтарын сіңіру. Осы мақсатта жуырда Алматы  облысыңың «Тіл» оқу-әдістемелік  орталығы Балқаш  аудандық  филиалында белсенді  өмір  сүру  орталығының   қызмет  алушыларымен «Тарихты  тербеткен  туындылар» атты  әдеби-тарихи  сағат ұйымдастырылды.

Рухани кештің басты мақсаты – кітап оқудың қоғам өміріндегі рөлін айқындау, өскелең ұрпақтың оқу мәдениетін қалыптастыру және олардың ойлау көкжиегін кеңейту. Шара барысында бүгінгі жаһандану дәуірінде ақпарат пен білімнің салмағы артып отырғаны, ал нағыз озық ұлт тек саналы, жан-жақты білімді азаматтардың арқасында ғана қалыптасатыны кеңінен сөз болды.

Жиын барысында  орталықтың атқарып жатқан жұмыстарына ерекше тоқталып, өңірдегі рухани-ағартушылық бағыттағы бастамалардың маңызы атап өтілді. Қатысушылар ұлттың рухани тұтастығы мен сана-сезімінің оянуы кітаппен тығыз байланысты екенін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.

Әсіресе, жастардың кітапқа деген құштарлығын ояту, оларға заманауи туындылармен қатар классикалық әдебиеттердің құндылығын түсіндіру бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екендігі айтылды. Шара аясында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы пікір алмасып, әдеби викториналар мен қызықты ой-толғамдарға толы көріністер ұсынды.

«Кітап – ақылдың шырағы, білімнің бұлағы». Қоғамдағы әрбір саналы өзгеріс пен жетістік кітап оқудан басталатыны анық. Осындай мазмұнды басқосулар ұлттың рухын көтеріп қана қоймай, өскелең ұрпақты ізденіске, оқуға, білімге құштар болуға үндейді. «Оқыған ұлт – озық ұлт» идеясы әрбір азаматтың жүрегінен орын алып, ел болашағын жарқын ететін басты құндылыққа айнала берері сөзсіз.

Қаракөз МҮСІРМАНҚҰЛҚЫЗЫ, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік

  орталығының  Балқаш  адандық  филиалЫНЫҢ  меңгерушісі 

↑