Цифрлық технологиялардың дамуы күнделікті өмірді жеңілдеткенімен, интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттер де көбейіп отыр. Әсіресе жалған хабарламалар, фишингтік сілтемелер, әлеуметтік желідегі күмәнді ұсыныстар мен телефон арқылы жасалатын айла-шарғылар азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Алаяқтар көбіне өзін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе белгілі бір компанияның маманы ретінде таныстырады. Олар адамның сеніміне кіріп, банк картасының деректерін, SMS арқылы келген растау кодтарын немесе жеке мәліметтерін алуға тырысады.
Сондай-ақ аз уақытта жоғары табыс табуға уәде беретін қаржы пирамидалары да сақ болуды талап етеді. Мұндай жобаларға қатысушылар көбіне алғашқыда пайда көргендей болғанымен, жүйе күйреген кезде жинаған қаражатынан айырылып жатады.
Қаржылық сауаттылық – алаяқтықтан қорғанудың басты жолдарының бірі. Ешкімге SMS-код пен банк картасының құпия деректерін бермеу, белгісіз сілтемелерді ашпау және күмәнді инвестициялық ұсыныстарды мұқият тексеру қажет. Жеңіл табысқа сенуден бұрын, оның артында қандай қауіп тұрғанын ойланған жөн.
Ерзат Асыл

