Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кәсіпкер Қонаев әкімдігіне ЖИ негізіндегі робот сыйға тартты

Кәсіпкер Қонаев әкімдігіне ЖИ негізіндегі робот сыйға тартты

21 қаралым

Жасанды интеллект жылына орай, кәсіпкер Қанат Ибраим Қонаев қаласының әкімдігіне заманауи робот сыйға тартты.

Жасанды интеллект технологиялары негізінде жұмыс істейтін робот түрлі командаларды орындап, қойылған сұрақтарға жауап бере алады. Қытай Халық Республикасында құрастырылып, өндірілген құрылғының құны шамамен 12 миллион теңгені құрайды.

Алдағы уақытта роботты балалардың білім алу үдерісінде, танымдық және ағартушылық бағыттағы іс-шараларда, сондай-ақ түрлі қоғамдық шараларда пайдалану жоспарланып отыр. Бұл балалардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуына жол ашады.

Робот қала көшелерінде де тұрғындардың назарын аударды. Оның қозғалысы мен түрлі әрекеттерін қызықтаған қала тұрғындары ерекше әсер алып, тамаша көңіл-күйге бөленді.

Қонаев қаласының әкімдігі атынан кәсіпкерге алғысымызды білдіреміз.

«Алатау – Ақпарат»

↑