Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кітап оқу – кемелдікке бастар жол

Кітап оқу – кемелдікке бастар жол

143 қаралым

«Кітап оқитын ұлт» марафоны – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған маңызды бастама. Кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, сөздік қорын байытып, дүниетанымын дамытады. Мұндай марафондар әсіресе жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулып, уақытын тиімді пайдалануға үйретеді. Әрбір оқылған кітап адамға жаңа ой салып, өмірге деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Сондықтан кітап оқуды белгілі бір науқанның аясында ғана емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз керек. Білімді әрі саналы ұлт қалыптастырудың бір жолы – кітаппен дос болу.

Ерзат АСЫЛ

↑