Конституцияны тек заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілер білуі керек деген түсінік дұрыс емес. Әр азамат өзінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын білуге тиіс. Бұл адамға әділетсіздікке тап болған жағдайда заңды жолмен әрекет етуге көмектеседі. Құқықтық сауаттылық отбасында, мектепте және қоғамда қалыптасуы қажет. Заңды білетін адам өз құқығын қорғаумен қатар, міндетін де ұмытпайды.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

