Қазіргі цифрлық дәуірде адамдардың ақпарат алу мүмкіндігі артқанымен, кітап оқудың маңызы төмендеген жоқ. «Кітап оқитын ұлт» марафоны бос уақытты тиімді пайдаланып, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыруға шақырады. Күн сайын бірнеше бет кітап оқу да адамның ойлау қабілеті мен таным көкжиегін дамытуға септігін тигізеді. Ең бастысы, кітап оқу күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы қажет.
Ерзат АСЫЛ

