Меншік құқығы — экономикалық еркіндік пен жеке қауіпсіздіктің негізі. Адам өзінің еңбегімен тапқан баспанасына, мүлкіне, зияткерлік туындысына немесе кәсібіне сенімді болғанда ғана даму мен жасампаздыққа ұмтылады. Меншікті қорғау тек ұрлық пен алаяқтықтан сақтанумен шектелмейді: ол келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын, құжаттардың дұрыс рәсімделуін және цифрлық қауіпсіздікті де қамтиды. Бүгінде интернет-алаяқтық пен деректерді заңсыз иемдену кең таралғандықтан, жеке мәліметтер мен шоттарды қорғау ерекше маңызға ие. Жеке меншікке деген құрмет қоғамдық мүлікке де ұқыпты қараумен қатар жүруі тиіс.
ЕРЗАТ АСЫЛ

