Туған өлкенің тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің көркін арттыруға бағытталған. Осы мақсатта ауылдар мен қалаларда тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Іс-шаралар барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналады. Мұндай жұмыстар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.
Ерзат АСЫЛ

