Адамның мәдениеті оның қоғамдық ортадағы әрекетінен байқалады. Қоқысты кез келген жерге тастау, қоғамдық мүлікті бүлдіру, өзгенің тыныштығын бұзу – ортақ кеңістікке деген құрметсіздік. Қоғамдық тәртіпті сақтау әркімнің күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Тазалық пен тәртіпті талап ету ғана емес, оны өзіңнен бастау маңызды. Өркениетті қоғам ұсақ көрінетін жауапты әрекеттерден қалыптасады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

