Әлеуметтік желі адамға ойын еркін білдіруге мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік өзгені қорлауға, жала жабуға немесе жалған ақпарат таратуға құқық бермейді. Виртуалды кеңістікте жасалған әрекеттің де нақты өмірде салдары болуы мүмкін. Әр қолданушы жариялаған ақпараты мен жазған сөзіне жауапкершілікпен қарауы керек. Цифрлық мәдениет – бүгінгі қоғам қауіпсіздігінің маңызды бөлігі.
Құралбек СӘБИТОВ

