Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мектеп ұжымы да Жолдауды қолдайды

Мектеп ұжымы да Жолдауды қолдайды

56 қаралым

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.
Онда Президент келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл бастама бойынша спорт кешендері, мектептер салынып жөнделеді.


Білім және ұстаздар мәртебесі: ұстаздардың артық жұмыстарын тоқтату олардың абырой-беделін қорғау және мектеп пен отбасының ортақ жауапкершілігін күшейту мәселесі көтерілді. Президенттің әр Жолдауында ұстаздарға деген өзінің жеке көзқарасы мен пікірі әрдайым білдіріп отырады. Биылғы Жолдауында ұстаздар мәртебесін көтеру, ұстаздар тек оқушыларға сапалы білім саналы тәрбие беру бағытында жұмыс атқару керектігін ерекше тоқталып айтып өтті. Осындағы жағымды жаңалық естіген ұстаздар қауымы өз жұмыстарын, жауапкершіліктерін арттыруды мақсат етіп, жұмысқа деген белсенділіктері артты.
Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектеп ұжымы Президент Жолдауын қолдайды, қуаттайды.
Еліміз өркендеп, болашағымыз жарқын болатынына сеніміміз мол!

Жанболат ҚАЗЫКЕНҰЛЫ, Ыдырыс Көшкінов атындағы орта

мектептің директоры, Шапағат медалінің иегері

Ұзынбұлақ ауылы

Кеген ауданы

↑