Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Заңсыз қоқыс үшін шара қолданылды

Заңсыз қоқыс үшін шара қолданылды

68 қаралым

         Жамбыл ауданында елдімекендердің санитарлық тазалығын сақтау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластау деректерінің алдын алу бағытында тұрақты қадағалау жүргізіледі. Жуырда рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен азамат жауапкершілікке тартылды.

         Атап айтқанда Жаңақұрылыс ауылының аумағында белгіленбеген орынға күл-қоқыс төккен адам анықталды. Аталған дерек бойынша Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шара қолданып, ескерту жасады.

         Осындай жөнсіздік қайталанбауы үшін құзырлы органдар аудан тұрғындарын заң мен тәртіп қағидатын сақтауға үнемі шақыруда. Тұрмыстық қалдықтарды, күл-қоқысты елдімекендердің шетіне, жол жиектеріне, ашық алаңдарға және арнайы белгіленбеген өзге де орындарға төгуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер қоршаған ортаға зиян келтіріп, елдімекендердің санитарлық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

↑