Қала көшелері мен тасжолдардағы қауіпсіздік көбіне қатысушылардың өзара мәдениетіне байланысты. Жаяу жүргіншілер өткелінде жол беру, көлікке отырғанда қауіпсіздік белдігін тағу, қараңғы уақытта жарық шағылдыратын элементтерді қолдану — осының бәрі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.
Кейде бір ғана қателік немесе асығыстық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан жолда жүру ережесін әрдайым сақтау күнделікті әдетке айналуы тиіс.
Қауіпсіз жол — өзара түсіністік пен тәртіптің нәтижесі. Әр адам өз жауапкершілігін сезінгенде ғана жолдар қауіпсіз болады.
ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

