Таңертең жұмысқа асығып немесе кешке үйге қайтып келе жатып, күн сайын мына көрініске куә боламыз: рөлде отырып бір қолымен телефон шұқыған жүргізуші, «қазір жүгіріп өтіп кетемін» деп зебра емес жерден телефонға үңіліп кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргінші. Бәріміз де асығыстамыз. Бірақ сол бір-екі минуттық асығыс әрекеттің соңы қайғылы қазаға немесе бір отбасының күл-талқан болуына әкеліп соғарын ойлай бермейміз.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

