Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жолдағы бір секунд – адам өміріне әсер етеді

Жолдағы бір секунд – адам өміріне әсер етеді

48 қаралым

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің міндеті. Кейде асығыстық, телефонға алаңдау немесе жылдамдықты шамадан тыс арттыру орны толмас қайғыға себеп болады.
Жүргізушілер жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, белгіленген жылдамдықты сақтауы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек арнайы өткелдерден кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын орындауы тиіс.
Әсіресе балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек. Оларға жолдан өту тәртібін үйрету – ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті.
Жолдағы тәртіп – жай ғана ережелер жиынтығы емес. Ол адам өмірін сақтауға бағытталған жауапкершілік.

Құралбек СӘБИТОВ

↑