-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сан әдісті қолданды

    17.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Сан әдісті қолданды
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Қонаев қаласында «Coliseum» open» атты панкратионнан республикалық ашық турнир өтті. Сайысқа төрт санатқа бөлінген 10-11, 12-13, 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Еліміздің әр өңірінен, Алматы облысының аудандары мен Қонаев қаласынан 120-дан астам спортшы жиналды.

    Облысымызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған турнир «Біз – есірткіге, терроризмге және буллингке қарсымыз» деген ұранды ұстанды.

    «Coliseum» open» клубының негізін қалаушы Талғат Ибрагимов: «Біздің еліміз үшін панкратион жекпе-жегі салыстырмалы түрде жас спорт түрі болғанымен, онымен айналысушылар саны Қазақстанда үш мыңнан асады. Бұл сан жыл санап артып келеді. Соның ішінде Алматы облысы жетекші өңірлердің бірінен саналады. Облыс аудандарында панкратион секциялары табысты жұмыс істеуде. Бұқараға кеңінен танылған «Coliseum» open» жауынгерлік клубының Қонаев қаласында ашылғанына 10 жыл болды. Клуб мүшелері жарыс қанжығасын жыл сайын толтырып келеді. Мұндай сайыстардың балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұқаралық спортты насихаттау мен дамытуда маңызды рөл атқарары сөзсіз», – деп атап көрсетті.

    Турнирге қатысушылар арасында жарыс жолын енді бастағандар да, өздерін республикалық деңгейде жақсы жағынан танытып үлгергендер де баршылық. Сайысқа бақ сынауға келген, панкратионнан ел чемпионатының қола жүлдегері Радмир Асланиди: – Бұл спорт түрімен Қонаев қаласында екі жыл қатарынан айналысып келемін. Біршама нәтижелерге қол жеткіздім. Маған бұл жекпе-жектің түрлі әдіс-тәсілді қолдана беруге болатын әмбебаптығы ұнайды. Осы чемпионаттағы қарсыластарым осал емес. Әрбір айқасты зерттеп, әдістерін жіті бақылап жүрмін. Менің ең басты арманым – әлем чемпионы болу және сол жеңісімді өзімнің жаттықтырушым Талғат Ибрагимовқа арнау, – деп сырын ақтарды.

    Екі күн бойы өткен панкратион жарысында спортшылар «элит» және «традишн» бөлімдері бойынша 36 медальді сарапқа салды. Нәтижесінде Қонаев қаласының сайыпқырандары үздік шықты. Олардың қатарында Балтабай Қадір, Рафаэль Азиев, Аслан Әленов, Мейіржан Айтқазинов, Жігер Нарыс, Харлан Аслани, Бақдәулет Саяхат, Әли Нұрболданов, Әмір Сағатбеков, Әмір Серік, Мәжит Реджепов және тағы басқалар бар.

    Бейбіт Мекеев,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Qaisar» жобасы аясында 2 мыңға жуық оқушы әскери-патриоттық сынақтан өтті

    Алматы облысында «Qaisar» жобасы аясында 2 мыңға жуық оқушы әскери-патриоттық сынақтан өтті

    2 months ago
    Күрежолдың жайын білді

    Күрежолдың жайын білді

    12 months ago
    Бірлігі бекем ауыл

    Бірлігі бекем ауыл

    2 months ago
    АЛАУ ЖЫР

    АЛАУ ЖЫР

    3 months ago
    Жаңа мүмкіндік бастауы

    Жаңа мүмкіндік бастауы

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>