-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаев командасы үздік шықты

    19.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Қонаев командасы үздік шықты
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Қонаев қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлын еске алуға арналған кикбокстан ашық кубок сайысы өтті. Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 13 пен 15 жас аралығындағы 150-ден  астам спортшы қатысты.

    Олар тыңғылықты дайындықпен келгендерін алғашқы додада-ақ көрсетіп үлгерді. Солардың ішінде кикбокстан әлем кубогының чемпионы, республикалық турнирлердің бес дүркін жеңімпазы Ахмет Асхатұлын ерекше атап айтуға болады.

    – Мен спортшылар отбасында тәрбиелендім. Әке-шешем – жаттықтырушы. Ағаларым мен әпке-қарындастарым да спортпен айналысады. Тіпті, қарындасым да таяуда кикбокстан разрядқа ие болды. Қазір әскер қатарында борышын өтеп жүрген ағам да қоян-қолтық айқас бойынша жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Кикбокс – бұл тек жауынгерлік өнер ғана емес, сонымен қатар дене бітіміңді сақтау мен рухыңды жанудың тиімді әдісі, – дейді Ахмет.

    Өз кезегенде спортшы қыздар да айтарлықтай айқас өнерін көрсетті. Олардың қатарында 14 жасар Аяла Санатқызы топ жарды. Әлден-ақ Қазақстан чемпионатына қатысу тәжірибесін алып үлгерген жас спортшы қыз:

    – Мен кішкентай кезімнен бокспен айналыстым. Алайда құрбым таяуда ашылған кикбоксинг үйірмесіне баруға кеңес берді. Жаттығуды бастаған кезден-ақ мен бұл спорт түрін қатты ұнатып қалдым, – деп сыр ақтарды.

    Облыстық кикбоксинг және кәсіби жекпе-жек түрлері федерациясының жаттықтырушысы Ақмарал Ахметжанованың тұжырымдауынша, өңірімізде кикбокстантан жақсы нәтижелерге қол жеткізген жас өрендер аз емес. Федерация жаттықтырушысы:

    – Қонаев қаласына көшіп келіп, кикбоксты дамытуды қолға ала бастағанымызға бір-ақ жыл өтті. Әзірге облыста үш-төрт қана белгілі жаттықтырушы жұмыс істеп жатыр әрі олардың әрқайсысының спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан чемпионы, әлем кубогының жүлдегерлері болып үлгерген өз шәкірттері бар. Әсіресе, алты елдің ең мықты спортшылары қатысқан «Қырғызстан маржаны – 2023» турнирі айшықты өтті деуге болады. Біз онда 9 алтын, 4 күміс және 2 қола медельді жеңіп алып, бірінші орынды иемдендік, – деп мақтанышпен атап көрсетті.

    Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған турнир лайт-контакт және фулл-контакт деп аталатын екі бөлімде өтті. Жекпе-жектер олимпиялық жүйемен, яғни алғашқы жеңілістен соң саптан шығу жолымен, бір минуттық үзіліспен бір жарым және 2 минуттық үш раундтан тұрды.

    Жалпыкомандалық есеп бойынша Қонаев қаласының жергілікті спортшылары жеңіске жетсе, екінші орынды Жамбыл ауданы Ұзынағаш кентінен келген кикбоксшылар иеленді. Үздіктер үштігіне Жамбыл облысының Қордай ауылының жас сайыскерлері енді.

    Осы тұста жаттықтырушы Асхат Ахметжановтың тәрбиеленушілері 10 алтын медальді ұтып алды. Олардың сапында Ахмет Асхатұлы, Зарина Ахметжанова, Аружан Сапар, Аяла Санатқызы, Артем Селин, Вячеслав Баранов, Ілияс Әнуархан, Нұрәли Имандасов, Нұрәли Қанатұлы, Ханкелді Батырханды атауға болады. Ашық кубоктың жеңімпаздарына Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен «Almaty Open» халықаралық турнирге жолдамалар табысталды.

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды

    Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды

    2 years ago
    АЯҚ КИІМ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

    АЯҚ КИІМ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

    6 months ago
    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    1 year ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Әкімдік: Облысқа берілген ескі автобустар жөнделеді

    2 years ago
    Жол азабын жүрген білер

    Жолдың жыры бітер ме?

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.