-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 50 заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылды

    25.07.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында 200-ден аса ойын терминалдары жойылды

    Фото: inbusiness.kz

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Құмар ойынның құрығына түскендердің саны шаш етектен. Өйткені, казинолардан бөлек, онлайн ойындар, сонымен қатар, букмекерлік кеңселердің дәуірі жүріп тұр. Жауапты мемлекеттік ұйымдар ұлтты құлдыратуға әкеп соғатын амалдардың алдын алу үшін тиісті шараларды қабылдауда. Алматы облысында да бұл тектес шаралар жүйелі түрде іске асуда.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесінің объекттері Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.

    Бұдан өзге жерлерде орналасқан казино, ойын автоматтары, тотализаторлар – заңсыз болып табылады.

    Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесі объекттерімен жоспарлы жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2022-2024 жылдар аралығында Департаментпен 50 заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылып, олардан 100-ден аса ойын терминалдары, покер үстелдері және компьютерлер алынды.

    «Біз интернет-кеңістіктің тұрақты мониторингін жүргізіп жатырмыз, өйткені соңғы уақытта заңмен тыйым салынған онлайн-құмар ойындар кең таралған. Зерттеу барысында екі мыңнан астам заңсыз контент сайттары анықталды, оларды бұғаттау үшін тиісті мәліметтер уәкілетті органға жіберілді»,-дейді . Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысыныңорынбасары Данияр Қыдыралиев.

    Спикердің сөзіне сенсек, “1WIN” ірі онлайн-казиносының заңсыз қызметі де әшкереленген. Аталмыш казионынң айналымы 6 млрд. теңгені құрайды екен, елімізде құмар ойынның жұмыс істеуін шетелдіктер қамтамасыз етіп отырған.

    Данияр Ермекұлының айтуынша, тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздестіруге жарияланды, тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд.теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» маркалы қымбат автокөліктер тәркіленген.

    Айта кету керек, мемлекет басшысы ойын бизнесіне қатысты тиісті заңға қолған болатын. Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі.

    Атап айтқанда, құмар ойындарға бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар қосылды.

    Бұдан былай мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға бәс тігуге қатыса алмайды. Бұл шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару шарасы қарастырылған.

    Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды.

    Шын мәнісінде, лудомания сансыз қиындықтар туғызады, отбасының шайқалуы, күйзеліс барлығы құмар ойынның салдарынан орын алады. Лудоманиямен күрес, мемлекеттік органдардың ғана емес, ел халқының да бірлескен күш-жігерін талап ететінін естен шығармайық.

    Ұсынымдар

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    2 years ago
    Еңбек адамын қолдайды

    ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ

    3 months ago
    Атқарылар жұмыс ауқымды

    Атқарылар жұмыс ауқымды

    10 months ago
    “Театрдың мақсаты – ұлы қағидаларға тәрбиелеу”

    “Театрдың мақсаты – ұлы қағидаларға тәрбиелеу”

    2 years ago
    Зайырлылық – еліміздің басты ұстанымы

    Зайырлылық – еліміздің басты ұстанымы

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>