🌫️
-3°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәнекерлеуші Айман

    02.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Дәнекерлеуші Айман
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Аналарымызды қашан көрсең де қарбалас шақтан қолы босамай жүреді. Үй тірлігінің бітпейтіні анық. Сөйте тұра ер адамға тән жұмысты қыз баланың меңгергені кімді болса да ойландырмай қоймайды. Әйел-аналар автокөлік тізгіндегенін көріп те жүрміз, оған көзіміз де үйреніп кетті. Ал электркөзімен дәнекерлеушіні кез келген ауылдан кездестірмейсіз. Сіз қолыңызға электр дәнекерлеу аппаратын ұстап көрдіңіз бе? Көбіміз жоқ деп жауап беретініміз рас. Біз үшін қиын секілді болғанымен, Айман Сейітқызы дәнекерлеуді шебер меңгерген. 

    –  Кәсіптің оңайы болмайды, десе де өзім таңдау жасаған соң мен үшін еш қиындығы жоқ. Бізге түсіп жатқан тапсырыстарды сапалы орындау – күнделікті міндетіміз, – дейді кәсіпкер Айман.

    Қалада автобусты зымыратып жүргізіп жүрген қыздарды көргенімізде таңданысымызды жасырмай, жарайсың қарындасым деп риза көңілмен аялдамадан түсіп қалып жүрдік.  Айман келінге тіпті риза болдым. Өз қолымнан мұндай іс келмейтінін білемін. Айман келін үй мен, дала жұмысын қатар алып жүргені екінің бірінің қолынан келе бермейді. Үйдегі бала тәрбиесі де күрделі шаруаның үлкені. Отағасы Төлегенмен  бас қосқалы  бері осы кәсіпті үйренгенін жасырмады. Маңдай тер, еңбек, кәсібің – нәсібін екенін түсінген Төлеген Разақов үй ауласынан техникалық күтім және бүлінген, майысқан автокөліктерді қайта қалпына келтіру,  әрлеп, сырлау ісімен айналысқанына біраз уақыт өтіпті. Қаладан ауылға көшіп келген жастардың тізімінде осы отбасын атауымызға болады. Кәсібін Алматыда бастап, үйренгенін жасырмады.  Алматы мереке, ауыл береке екенін түсінген жастар  Кеген ауылында кәсібін дөңгелетіп, халық сұранысындағы автокөлік әрлеу цехын ашып,  жұмыстарын бастап кетіпті. Төлегеннің еңбекқор екенін төңірегіндегі көршілері де мақтан тұтады. Әр бір көлік жасатушы риза болып, алғысын аямайтынын естідік. «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» демей ме, дана халқымыз?! Ұйыған отбасына бізде ризашылығымызды білдіріп, ел алғысын арқалай беріңдер дедік.

    Нұрболат Тастанқұлов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Теңіз тамшыдан құралады немесе үңгіртастықтар қолдауы

    Теңіз тамшыдан құралады немесе үңгіртастықтар қолдауы

    2 years ago
    Өмір барда өнер бар

    Өмір барда өнер бар

    1 year ago
    Бұл да өтер…

    Бұл да өтер…

    2 years ago
    Боздақтарды еске алды

    Боздақтарды еске алды

    2 years ago
    12 маусым – өртте қаза тапқан орманшыларды аза тұту күні

    12 маусым – өртте қаза тапқан орманшыларды аза тұту күні

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>