-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көлік қызметкерлері марапатталды

    02.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке
    Көлік қызметкерлері марапатталды
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

           Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіліп, үздік деп танылған жүргізушілер түрлі сыйлықтармен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, Президенттің Жарлығы бойынша, 1998 жылдан бастап тамыз айының алғашқы жексенбісі Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.

    Мерекелік салтанатты жиынның шымылдығы түрілген сәтте жас биші қыздар өнер көрсетіп, жиналғандарды қуанышқа бөледі.
    Алғашқы болып сөз алған Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов мереке иелерін құттықтады.
    – Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері, Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің ұйымшылдық пен кәсібилігіңіз – жылдың кез келген уақытында көліктің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуінің кепілі. Еңбегіңіз бен таңдаған мамандығыңызға адалдығыңыз үшін алғыс білдіремін. Істеріңізге табыс, кәсіби өрлеу және жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілеймін!
    Келесі кезекте сөз тізгінін алған облыс­тық жолаушы көлігі және автомобиль жол­дары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, қала әкімі Асхат Ермекұлы сахнаға шақырылған үздік жүргізушілерге тиесілі марапаттарды табыстады. Сондай-ақ, облыс көлемінде халыққа қызмет көрсетіп, тасымалдаумен айналысып жүрген «Қапшагай АТО», «Тұлпар-Экспресс А», «Д-Автобус транс», «Алматы облысының жолаушыларды тасымалдаушы компаниясы», «Шелек Тұлпар», «Алматы облысының автобус пар­кі» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте­рінің үздік қызметкерлері Қазақстан Рес­публикасы Көлік министрлігінің, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің және Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Аталған серіктестіктер облыстың елдімекендерін өзара және Алматы қаласымен және облыс орталығы­мен байланыстырып, жолаушылардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктеріне қолайлы қызмет көрсетіп келеді.
    Әрине, аталып отырған мереке тек көлік басқарып жүрген ғана емес, сонымен қатар олардың еңбегін бағалап, тиісті бағыттарда жөн сілтеп, еңбекақыларын есептеп, басқа да кеңсеішілік шаруаларын реттеп отыратын әралуан лауазым мен сала бойынша еңбек ететін жандарға да ортақ.
    Марапаттау салтанаты әрбір саладан, яғни министрліктен, облыс және қала әкі­мінің құттықтауларының арасында музы­калық үзілістермен көмкеріліп, қуаныш иелеріне арнап, жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып отырғаны жиналған қауымға өзгеше бір мерекелік көңіл-күй сыйлады.
    Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Көліктеріңіз тоқтамасын, тынымсыз еңбек иелері!

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Спорт саңлақтары марапатталды

    Спорт саңлақтары марапатталды

    6 months ago
    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар

    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар

    5 months ago
    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті

    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті

    2 years ago
    Бажат ата

    Бажат ата

    8 months ago
    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>