-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Жаздың бір күні жылға азық

    07.08.2024
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Жаздың бір күні жылға азық
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еңбекшіл елі, ырысты жері бар Кеген ауданы ежелден ата кәсіп – мал шаруашылығын ұстанып келеді. Малға ең бірінші керегі – азық.  Осы ретте «Қыстың қамын жазда ойла» дегенді басты назарда ұстайтын тасашылық шаруалар шөп шабу науқанын бастап кетті. Бұған дейін жиі түскен жауын-шашын жұмысқа кедергі болған еді. Биыл шөп қалың әрі құнарлы. Бұған шабындық басындағы шаруашылықты аралап қайтқанда көз жеткіздік. Біздің сапарымыз Тасашы ауылдық округіне қарасты Сарыкөл елдімекеніндегі «Нұрғанат» шаруа қожалығынан басталды.

    Отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған Нұрғанат Мамытақынов 2017 жылы «Нұрғанат» шаруа қожалығын құрған. Бүгінде шаруашылықты кеңейтуді, мал басын арттыруды жоспарлаған қожалық иесі қыстың қамына кіріскен. Шапқан шөбін жинап, тасу қамында жүр. Бұл іске отбасы түгел жұмылдырылған. Олай деуімізге шабындық басындағы ағалы-інілі жандардың тынымсыз еңбегі дәлел. Таңмен таласа тұрып, ерте еңбекке араласқан олардың бірі тракторға жайғасып шөп шауып жүрсе, енді бірі шабылған шөптен орама дайындау үстінде. Қожалық иесінің айтуынша, қазір шабындық басында інісі Нұрлан екеуі екі трактормен жұмыс жасауда. Дайын бауланған шөпті «ЮМЗ-6» техникасы тасып жатыр.

    – Шілденің 19-ы күні шабындыққа шалғы түсірдік. Былтыр осы 40 га шабындық жерден 85 дана бауланған шөп алдық. Биыл бұйырса мөлшермен 100 орамнан аса алуды жоспарлап отырмыз. Бір буылған шөп орта есеппен 250-280 келіні тартады. Қазір қожалыққа қарасты «Дардамты» жерін шабудамыз. Шөптің шығымы өткен жылмен салыстырғанда жаман емес. Бұл шабындықты ауа-райы қолайлы болса, бір апта аралығында аяқтап, ары қарай жұмысымызды «Темірлі сайда» жалғастырамыз, – деді шаруа қожалығының иесі Нұрғанат Мамытақынов. Шабындық жерлерінен мол өнім алуды көздеп отырған қожалық өздерінен артылған шөпті сатуды да жоспарлап отыр.

    Қазіргі таңда ауданда ауыл шаруашылығы малдарын толыққанды азықпен қамтамасыз ету және мал қыстауын ойдағыдай ұйымдастыру барысындағы жұмыс атқарылуда. Ірі қара және ұсақ мүйізді малға, жылқыға жем-шөп дайындау қажеттігі басты назарда. Шөп, пішендеме, сүрлем, құнарлы жем дайындалу үстінде. Ол үшін әр ауылда мал азығын жинайтын комбайн және шөп шабатын машина қызмет көрсетуде. Бұлар қажетті азық мөлшерін жинауды қамтамасыз етеді. Қатты жем-шөптерді дайындауды 15 қыркүйектен кешіктірмей, ал сүрлем мен жемшөпті ору науқанын қараша айына дейін аяқтау жоспарлануда. Осы орайда шаруалар үшін жауапты кезең саналатын шөп шабу науқаны қыза түскен. Алты ай қысты басынан өткеретін тау халқы үшін жаздың әр күнін тиімді пайдалану маңызды.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Бастамаға  қолдау көрсетті

    Бастамаға қолдау көрсетті

    7 months ago
    Жолдауға қолдау көрсетейік

    Жолдауға қолдау көрсетейік

    8 months ago
    Алғашқы тірек мектеп жаңаша жарақтандырылды

    Алғашқы тірек мектеп жаңаша жарақтандырылды

    2 years ago
    Үздіктер үміті үкіленді

    Үздіктер үміті үкіленді

    10 months ago
    Blockchain ХҚКО қызметін айтарлықтай жеңілдетті

    Blockchain ХҚКО қызметін айтарлықтай жеңілдетті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.