-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Инфрақұрылым

    Жастарға арналған орталық

    16.07.2024
    in Инфрақұрылым
    Жастарға арналған орталық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы жыл өткен сайын көркейе түсуде. Мұнда салынып, бүгінде халық игілігіне айналып отырған сәнді де сәулетті құрылыс нысандары соны аңғартады.

    Қазір құрылысы күн өткен сайын қарқын алып келе жатқан 4 қабатты 250 орынды емхананың құрылысы аяқталуға жақын. Енді үш-төрт айдың шамасында аудан тұғындары осынау емдеу орнының игілігін көретіні анық. Әрине, жаңадан бой көтеретін нысандар осымен тоқтап қалмақ емес. Бұл сөзімізге іргесі өткен күзде қаланған тағы бір құрылыс нысаны дәлел бола алады. Тау етегіне таяу орналасқан құрылыс басындағы жұмыс қыза түсуде. Жастар орталығы болатын бұл нысанның құрылысын Төлеген Ерғалиев атты азамат басшылық жасайтын «ФСК Астана құрылыс» компаниясы жүргізуде. Жалпы аумағы 350 шаршы метр алаңда бой көтеріп жатқан, ұзындығы 23, ені 15 метр нысанның қазіргі таңда 70 пайыз жұмысы бітті десе де болады. Құрылыс жұмысымен 20 адам тұрақты айналысуда. Жұмыстың тыңғылықты әрі сапалы болуы учаске бастығы, тәжірибелі маман Нұрлан Қасымбаев пен осы салада 28 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құрылыс бригадирі Ерлан Смайыловтың тікелей жауапкершілігінде.
    – Құрылыс жұмысымен айналысып жатқандар – осы саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар. Қалаушы, сылаушы, әрлеуші, бетон құюшы, дәнекерлеуші, техника тізгінін ұршықша иіретін тракторшы, краншы, жүргізуші де өзіміздің арамызда. Былайша айтқанда, маман тапшылығы жоқ. Мұның өзі қолға алып отырған жұмысымыздың белгіленген уақытында толық әрі сапалы аяқталуына толық мүмкіндік тудыруда, – дейді бригадир Ерлан Смайылов. Айтса айтқандай, мұндағы жұмыс уақытының әр минут, әр сағаты санаулы. Өйткені, таулы өңірдің қолайлы ауа райын дер кезінде пайдаланып қалу керек.
    Жастар орталығының бүгінгі заман талабын толығымен қанағаттандыра алатын мүмкіндігі зор. 28 бөлмеден тұратын нысанда болашақта жиын залы, психолог орталығы, құқықтық қызмет көрсететін бөлме, әкімші мен мамандардың қызмет бөлмелері, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ спорты өтетін бөлмелер, киім ілетін, жуынып-шайынатын орындар, ерлер, әйелдер дәретханасы, ауа соратын бөлмелер жұмыс істейді. Сыртта жылыту қазандығы, шағын футбол, волейбол алаңдары бар. Жастар бірауық жұмыстан қолдары қалт еткенде осында бас қосып, кездесулер ұйымдастыруларына, мемлекеттің сындарлы саясатына үлес қосудың жолдарын іздестіруіне, қоғамдағы үдерістерге көзқарасын білдірулеріне, ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуының жолдарын іздестірулеріне, спортпен шұғылдануына кеңінен жол ашылады.
    Құрыш қолды құрылысшылардың айтуына қарағанда, Жастар орталы­ғының құрылысы алдағы қыркүйек айында толығымен аяқталып, пайда­лануға берілмекші. Демек, аудан тұрғындарының сәулетті ғимарат­тың лентасы қиылған қуаны­шына ортақ болатын күн де алыс емес. Бұған іс басында жүрген іскер жан­дардың сенімі зор. Реті келгенде Атхан Орынов, Сайджаппар Хатамов, Ықтияр Ниязбаев, Ерғали Ахметәлиев, Әбілсейіт Ахметәлиев, Нұрлан Жолдасов, Сәрсен Батырбеков секілді құрылысшылардың аттарына ыстық ықылас білдірген орынды. Іске сәт, дейміз!

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Ерліктің даңқы өшпейді

    Ерліктің даңқы өшпейді

    3 months ago
    522 нысанда өрт қауіпсіздігі тексерілді

    522 нысанда өрт қауіпсіздігі тексерілді

    1 year ago
    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    1 week ago
    Азия ойындарында триатлон спортынан жүлде түсті

    Азия ойындарында триатлон спортынан жүлде түсті

    2 years ago
    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>