-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТОКИОДАҒЫ СӘТСІЗДІКТЕН КЕЙІН

    10.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    ТОКИОДАҒЫ СӘТСІЗДІКТЕН КЕЙІН

    олимпиада

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

            Осыдан үш жыл бұрын Токиода болған Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 8 қоламен елге оралып, тарихтағы төмен нәтижені көрсетіп еді. Ел спорты дәл сондай мүшкіл халге түспеген. Ал Париж Олимпиадасы алтынмен басталып, артынша бірнеше жүлдемен жалғасты. Елдің мерейін өсірген спортшыларымыздың бұл жетістігі де тарих қойнауына еніп барады.

    Жанын салып, барын көрсеткен спортшыларымыздан бір күнде Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай күміс медаль алды. Олимпиаданың барлық жеті салмағына барған боксшыларымыздан финалға шығып, жүлдеге жалғыз ие болған – Нұрбек Оралбай (80 келі). Ол алғашқы кездесуінде (1/8 финал) аустралиялық Каллум Питерсті (3:2), одан кейін ширек финалда әзербайжан Мурад Аллахвердиевті (5:0) айқын ұтты. Жартылай финалда жолыққан доминикандық Кристиан Пиналестен (3:2) айласын асырып, шешуші сында 29 жастағы әлем чемпионы (2017), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2020 жылғы Токио Олимпиадасы финалында бразилиялық Эбер Консейсаодан нокаутпен жеңілген еді), украиналық Александр Хижняктан жеңілді. Жекпе-жектен кейін тілшілерге келген ­Нұрбек дәл осы кездесуде барын салғандығын, келесі Олимпиададан алтын алуды мақсат тұтатындығын айтты.
    Осыған дейін спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов күміс алып, Ғұсман ­Қырғызбаев (дзюдо, 66 келі) қолаға қол жеткізсе, пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден жұптық сында Ислам Сәтпаев пен Александр ­Ле қола алған еді. Енді осы жүлдеге Демеу ­Жадыраев, Нұрбек Оралбайдың күмісі мен Назым Қызайбайдың қоласы ­қосылды.
    Жалпы, Қазақстан құрамасы дәл қазіргі сәтте 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен турнирлік кестеде 28-орында тұр.

    Серік ҚҰДАЙГЕНҰЛЫ

    Ұсынымдар

    Қарасайлық дәрігерлер ауыр хәлдегі науқасты құтқарды

    Қарасайлық дәрігерлер ауыр хәлдегі науқасты құтқарды

    1 year ago
    Энергетикаға инвестиция: «Тарифті инвестицияға айырбастау» – жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашады

    Энергетикаға инвестиция: «Тарифті инвестицияға айырбастау» – жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашады

    3 weeks ago
    Кепебұлақ интернетпен қамтылды

    Кепебұлақ интернетпен қамтылды

    2 years ago
    Қазақ киносының корифейі

    Қазақ киносының корифейі

    1 year ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.