⛅
16°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Айгөлектегі» көңілді жаз

    16.08.2024
    in Барлық жаңалықтар
    «Айгөлектегі» көңілді жаз
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Шамалған ауылында орналасқан  Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте  жазғы демалыс басталғалы бері «Айгөлек» атты  балалар лагері жұмыс істеуде. Бұл мектеп оқушыларының демалыс күндерін тиімді өткізіп, жаңа оқу жылына тың серпінмен келулеріне өз үлесін қосатыны сөзсіз.

    Білім шаңырағының ұстаздар ұжымы ұйымдастырған бұл мектепішілік лагерь ақылы демалыс орындарына бара алмайтын балалар үшін өте тиімді. Мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Фарида Өтегенованың айтуынша, мұнда балалар жақсы демалып қана қоймай,  көп нәрсені үйренеді.  Ол үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып,  танымдық  ойындар өткізіледі.

    Атап айтқанда, лагерьде «Өнер күнін», «Спорт күнін», «Саяхат күнін» өткізу дәстүрге айналған.  Мысалы, «Өнер күні» балалар ән салу, көркемсөз оқу, сурет салу байқауларына қатысып,  театр әлеміне саяхат жасайды. «Спорт күні» де өте тартысты өтетінін айта кету керек. Балалар түрлі спорттық шараларға белсене қатысып, кейбірінің спортшы болуға деген құштарлығы осы кезден бастау алады. «Саяхат күні» демалушылар  тәрбиешілерімен бірге өлкенің  мәдени-тарихи орындарымен танысуға мүмкіндік алады. Бір қуанарлығы, Шамалғанда мұндай орындар баршылық. Атап айтқанда, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, Қарасай батыр атындағы орта мектепте орналасқан «Шапағат» мұражайы мен «Үшқоңыр» спорт кешені қашанда келушілерді қарсы алуға дайын.

    Балалардың өздерін тануға бағытталған психологиялық тренингтің де алатын орны ерекше. Ойын арқылы  бір-бірімен араласа отырып, жақсы әсер алып, қоғамдық ортада өздерін дұрыс ұстауға дағдыланады. Өздерін қызықтыратын бағыттарды  айқындап, қабілеттерін шыңдайды.

    Міне, «Айгөлек» жазғы лагері осылайша тәуелсіз мемлекетіміздің саналы ұрпағын қалыптастыруға қарлығаштың қанатымен су сепкендей өз үлесін қосып келеді.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Рақмет саған, Салтанат!

    Рақмет саған, Салтанат!

    5 months ago
    Елім деп еміренген

    Елім деп еміренген

    3 months ago
    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН

    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН

    5 months ago
    Стратегиялық маңызы зор

    Стратегиялық маңызы зор

    1 year ago
    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>