-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тазалық – тәрбиеден!

    17.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Мәселе, Экология
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Республика бойынша биыл сәуірдің 8-і күні «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталды. Акция бес аптаға созылды және олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналды.

    Атап айтқанда, 13 сәуірге дейін созылған бірінші аптаның атауы «Таза өлке» делініп, осы жеті күн ішінде елдімекен тұрғындары, қоғамдық қызметкерлер, ұйымдар мен кәсіпорын мамандары іргелес аумақтар мен аулаларды тазартып отырды. 20 сәуірге дейінгі апта «Киелі мекен» деп аталып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аума­ғын абаттандыру жұмыстарына арналды. 27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» тақырыбында көшеттер отырғызылып, ағаштар әктелді. 4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, бұл күндері ардагерлердің аулалары мен қарт­тар үйінің аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ал қорытынды бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» атауымен су қоймалары – өзендер мен көл айналасы қоқыстан тазартылды.
    Облыс көлеміндегі елді­мекен­дерде де көрсетілген ба­ғыт­тар бойынша бірқатар жұмыс ат­қарылды. Десек те, облыстық және ауданаралық жолдардың бойын­дағы дәретхана немесе аялдама төңірегіндегі жиналып, толып қалған яки шашылып жатқан қоқыстарды көргенде не ойларыңды білмейді екенсің. Бұл жерде, әрине, ең алдымен, жолаушылап ары-бері жосылған жұртты кінәлау орынды. Неге дегенде, ішкен-жеген ас-ауқаттарының қалдықтарын жинап, ыдысқа яки қапқа, ықтияттап қоқыс жәшігіне салып кетсе, нелері кетеді деген ойдың бүйірден түртпек­тейтінін қалай жасырамыз? Әр адамның ішкі мәдениетінің құзырын­дағы шаруа ғой. Бұл – мәселенің бір қыры.
    «Алматы – Өскемен» автодәлі­зінен Бақанасқа бағыт алған қара жолдың бойындағы мына аялдама­ның (суретте) маңынан сыйымдылығы үлкен жәшік түгілі, қоқыс шелегін де, тіпті, орнын да көрмей тұрмыз. Жиналған қоқысын ерінбегендер целлофан қапшыққа салып, шарбақ­қа іліпті. Қалғандары үйілген қоқысқа тастай бергені көрінеді. Халықтың әрекетін айттық. Бәрін бірдей тәрбиелей алмайтын шығар­мыз. Алайда қоқыс жәшігі тұрса, қолындағысын далаға тастамас еді ғой деп ойлап қоямыз ғой, баяғы. Сіз не дейсіз?

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Отанды сүю – ең ұлы сезім

    Отанды сүю – ең ұлы сезім

    2 years ago
    Алматы облысында референдумға дайындық жүргізілуде

    Алматы облысында референдумға дайындық жүргізілуде

    8 months ago
    Саяжай балалары сырт қалмасын

    Саяжай балалары сырт қалмасын

    1 year ago
    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    4 months ago
    Жабайы саудаға  жол жоқ!

    Жабайы саудаға  жол жоқ!

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>