-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Мәжбүрлі шара болса көнеміз де…

    04.04.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Саясат, Үкімет, Экономика
    Мәжбүрлі шара болса көнеміз де…
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Елімізде бензин мен дизель отынының бағасы қымбаттайтынын айтты үкіметтегілер. Әрине, халыққа жанармайдың арзан болғаны жақсы-ақ. Өзім кәсіпкерлік қызмет барысында қарапайым жұмысшылармен бірге еңбек етемін. Тұрғындармен әңгімелескенде қазіргі нарық заманында бағаның ырық бермей тұрғанын жиі сөз қылады. Қымбаттамаған не қалды біздің елде, тауарлардың көбі шетелде шығарылғандықтан, бағасы шарықтап барады. Оған да көндік. Ал енді бензин мен дизель отыны өзімізде шығады емес пе?! Шылқыған мұнайдың үстінде отырып, енді соның да бағасын өсіреміз бе, осы өкіметтегілер не ойлайды екен дегендей пікірлерді ел арасында құлағым жиі шалады. Алайда өкіметті де түсінуге болады. Кеңірек ой жіберсек, мұның мәжбүрлі шара екеніне көз жеткізе түсеміз.

    Салыстырма жасаған сарапшылардың пікірінше, көршілес елдердің ішінде ең арзан жанармай Қазақстанда екен. Сондықтан сол елдердің азаматтары біздің шекараға жақын аудандардағы жанармай бекеттерінен көліктерін мұнай өнімдеріне толтырып аттанады екен. Бензин мен дизель отынын тасып жатқандарда есеп жоқ көрінеді. Сонда ойлап қараңызшы, мысалы бір сағаттың ішінде бір ғана жанармай бекетінің өзіне қаншама көлік тоқтайды десеңізші. Көлік болғанда да ол бір өзінде бірнеше жүздеген литр және қос-қостан жанармай багымен жабдықталған үлкен жүк көліктері болса. Одан бөлек тонналаған арнайы ыдыспен алып кетіп жатқандар да болуы мүмкін. Содан барып бізде тапшылық туындайды. Рас қой. Осыны жанармай саудасымен айналысатын өзіміздегі алыпсатарлар пайдаланып, еселеп табыс тауып қалуға ұмтылатыны жасырын емес. Сондықтан өкіметтің жасап жатқан амалына түсіністікпен қарағанымыз жөн. Жоғарыда отырған билік басындағылар қайтсек жанармай тапшылығын болдырмаймыз деген мақсатпен осындай шешімге келгеніне сенемін.

    Шапық ТОҚТАРБЕК,
    құрылыс ұйымының жетекшісі, кәсіпкер,
    Ұзынағаш ауылының тұрғыны, Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ұлы тұлға есімі ұлықталды

    Ұлы тұлға есімі ұлықталды

    5 months ago
    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    3 months ago
    Өңірдің өз телеарнасы бар

    Өңірдің өз телеарнасы бар

    2 months ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    АЭС референдумы күзде өтеді – Президент

    11 months ago
    Жүзуден жүлдегер атанды

    Жүзуден жүлдегер атанды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>