-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Экономика тірегі

    24.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Экономика тірегі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Биылғы жыл ел тарихында халықтың ең маңызды таңдау жасалған жылы ретінде ерекше есте қалатын болады. Еліміздің аумағына тұңғыш рет атом электр стансасын салу мәселесі көтеріліп, қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Халықтың бірқатар бөлігі бұл шешімді дұрыс деп тапса, енді бір бөлігі қарсылықтарын білдіруде. Осыған орай еліміздің Президенті Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін халықтың таңдауына салды. Бұл тұста Президентіміз міндеттеген «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нәтижелі әрі шынайы жұмыс істеп тұрғанын байқаймыз.

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында атом электр стансасын салу бойынша Республикалық референдум өткізу туралы шешімін күні кеше халыққа арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтты. Мемлекет басшысы қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп бара жатқанын, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздерінің қажеттілігі туындап тұрғанын тілге тиек ете келе, атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау керектігін жеткізді.
    «Экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек», – деп нақтылаған Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл маңызды мәселе қоғамда кеңінен талқылануы керектігін алға тартты.
    Ендігі кезекте халық өзінің тарихи әрі ең маңызды таңдауын белсенді жасап, өзіміздің және ұрпағымыздың болашағын жарқын етуге атсалысуы қажет.
    Атом энергетикасы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, оң таңдауға түсіп тұрған болашақтың сарқылмас күші ретінде өзектілігін арттырып тұр. Біздің экономикамыздың қуатты болуы үшін мықты діңгек бола алатын дәл осы атом электр энергиясы деп айтуға болады. Халықтың басым көпшілігін алаңдатып отырған қауіпсіздік мәселесі бүгінгідей технология қарыштап дамыған заманда қорқыныш тудырмауы керек. Осы уақытқа дейін орын алған техногендік апаттарда мол тәжірибе жинаған атом саласындағы ғылым да қауіпсіздік мәселесін ең бірінші орынға қоятыны сөзсіз. Бұл бағытта АЭС құрылысының әрбір қағылатын шегесінің сапасын бақылайтын халықаралық ұйымның да жауапты жұмысы мен қатаң талабы бар екенін біле жүруіміз керек. Қуатты экономикамыздың бірден-бір тірегі атом электр стансасының біздің елімізде іргесі қаланатыны бойынша таңдауды отандастарымыз қателеспей жасайды деген үміттемін.

    Ақжол Нұрдәулетұлы,
    Ұйғыр аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Ұсынымдар

    Сайланудың жөні бөлек

    Сайланудың жөні бөлек

    2 years ago
    Өркениеттер керуені

    Өркениеттер керуені

    2 days ago
    “Сұңқар” арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды

    “Сұңқар” арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды

    4 months ago
    Табиғат түзген туынды

    Тамсандырған, ән салдырған!

    9 months ago
    Қарасай ауданының аналар алқасы референдумда дәстүрлі шашу шашты

    Қарасай ауданының аналар алқасы референдумда дәстүрлі шашу шашты

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>