-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаев қаласында абаттандыру ережелерін бұзғандар ескерту алды

    18.04.2023
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Экология
    Қонаев қаласында абаттандыру ережелерін бұзғандар ескерту алды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында бүгін полиция қызметкерлері қала тазалығын сақтау мақсатында рейд жүргізді. Шара барысында қаланың екі тұрғынына абаттандыру ережесін бұзғаны үшін ескерту жасалып, заң талаптары түсіндірілді.

    Рейд кезінде Алматинская көшесінің бойында құрылыс қалдықтары төгілген, ашық жатқан бос жер телімі анықталды. Оның иесі Ербол Ермекбаевқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 505-бабы, яғни қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру фактісі бойынша ескерту жасалды.

    Жер телімінің иесі Ербол Ермекбаев қоқысты өзі төкпегенін айтып ақталды. «Былтыр күзде облысқа президент келеді деп жақын маңдағы көшелерді жөндеп, ағаштарды кескен. Содан шыққан қоқысты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері сол кезде менің жеріме уақытша төгеміз, ұзатпай алып кетеміз деп ауызша уәде берген еді. Жартысын алып кетті де, жартысы қалды», – деді Ербол Ермекбаев.

    Ол рейд кезінде тұрғын-үй шаруашылық бөлімінің үстінен қоқысқа қатысты шағым түсірді. Учаскелік полиция инспекторы Темірлан Сатыбалдинов жер телімі иесіне ескерту жасап, қоқыс тазаланбаса 20 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын айтты.

    Қаладағы 5-ықшамауданда орналасқан «Питомец» ветеринарлық клиникасының маңайына да түрлі қоқыс тасталған болып шықты. Учаскелік полиция қызметкері дүкен иесіне заң бойынша дүкен айналасын бір тәулік ішінде тазартуға мұрсат беріп, заң талабы орындалмаса оған да 20 АЕК тең айыппұл салынатынын ескертті.

    Темірлан Сатыбалдиновтың сөзінше, Қонаев қаласында және Алматы облысы аумағында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері көбейген. Атап айтқанда, 2022 жылы алғашқы үш айда Әкімшілік кодекстің 505-бабын бұзудың 2969 фактісі тіркелсе, 2023 жылдың тиісті кезеңінде 4413 факт тіркеліп, екі есеге жуық артқан. Ал Қонаев қаласының өзінде қаңтар-сәуір айларында 256 әкімшілік хаттама толтырылған.
    Учаскелік полиция инспекторы мұндай рейдтік шаралар күнделікті жүргізілетінін, қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау тікелей міндеттері екенін айтады.

    Tags: абаттандыруайыппұлқоқыс

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    8 months ago
    Нестердің тазылары

    Нестердің тазылары

    1 year ago
    Таза бейсенбі: Іле ауданының 70-тен астам тұрғыны экологиялық акцияға қатысты

    Таза бейсенбі: Іле ауданының 70-тен астам тұрғыны экологиялық акцияға қатысты

    2 weeks ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Әкім: Облыс экономикасының өсімі бір қарқында

    2 years ago
    Әжелер ертегі оқыды

    Әжелер ертегі оқыды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>