-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мектепке есімі берілсе

    22.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Мектепке  есімі берілсе
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

            Ауылдастары, шәкірттері Еңбекшіқазақ ауданындағы Қорам орта мектебі Тоқтасын Тұяқовтың есімімен аталса дейді. Соған қатысты тиісті орындарға ұсыныс жасалыпты. Көпшіліктің бұл ұйғарымына біз де қосылдық. Өйткені ол кісінің сіңірген еңбегі, артына қалдырған өнегесі осыған лайық.

    Қазақта «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көптік етпейді» деген ұлағатты сөз бар. Сондай сипат ­Тоқтасын ­Тұяқовтың табиғатына да келеді. ­Тоқтасын ­Мұсабайұлы тіршілігінде елге қажетті істің бәрін меңгеруге тырысқан. Алдымен майталман спортшы атанды. Ұлағатты ұстаздардың қатарына қосылды. Өзі шежіре-тарихтың білгірі болды. Қаламгерлігімен де көзге түсті. Әуесқой сазгер ретінде тыңдаушыларын мойындатты. Көпшілікке жұғымды, жаны жайсаң жан еді.
    Осы орайда өзім көзбен көрген бір сәт есіме түседі. 1960 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезім. Алаңдағы төрт бұрышты етіп топырағы қазылған, құм төселген жерде 18-20 жастағы бірнеше аға жіп керілген биіктікке жарыса секірді. Солардың ішінде арықша келген, ұзын бойлы, мұрны қоңқиған жігіттің ептілігі бәрімізді таңғалдырмай қоймады. Өз бойынан асатын биікті қиналмай бағындырды. Бұл – мектепке жаңадан келген дене шынықтыру пәні мұғалімі Тоқтасын ағамыз еді.
    1956 жылы Алматы қаласындағы республикалық дене шынықтыру және спорт техникумына оқуға түсіпті. Үздік шаңғышылар қатарынан көрініп, шеберлік деңгейіне жеткен. Сондай-ақ туризмге, альпинизмге қызыққан. Абай және Молодежный атты шыңға (теңіз деңгейінен 4000 метр биіктікте) шықты. Жеңіл атлетикадан халықаралық жарысқа қатысып, онсайыстан 2-орынды иеленді. Жалпыкомандалық бәсекеде Қазақстан бірінші орыннан көрініп, осынау ортақ қуанышқа Тоқтасын аға сүбелі үлес қосқан екен. Ол 186 сантиметр биіктікке секіргенде, жанкүйерлеріне қол соқтырған.
    1958 жылы еңбек жолын туған жерге туын тігіп, Қорам ауылынан бастады. Осындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болды. Ұзамай шаңырақ көтеріп, Семейден келген әріптесі Рима Алдарбергеновамен отасты. Зайыбы да дене шынықтыру пәнінен сабақ берді. Екеуі біріккенде ауыл жастарының белсенділігін арттырды. Тоқтасын ағаның біраз уақыт кеңшар комсомол ұйымын басқарғаны бар. Нәтижесінде Қорам ауылының спортшылары аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иелене бастады. Рима апай волейболшы қыздарды жаттықтырып, оның командасы жарыстардан үнемі жүлдемен оралатын.
    Тоқтасын аға білім жетілдіруге айрықша мән берді. Ұзамай Алматыдағы дене шынықтыру институтын тәмамдады. Келешекке нық сеніммен қарады. Жергілікті жерден жеңіл атлетика, шаңғы, футбол, туризм бойынша спорт үйірмелерін ашты. Үйірме мүшелері аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда Қорам ауылының мерейін асырды. Сондай-ақ стол теннисі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойнаушылар легі арта бастады.
    Қорамдық футбол командасы 1969 жылы аудан, облыс, республикалық жарыстарға қатысып, «Алтын масақ» кубогын жеңіп алды. Тіпті, атақты «Қайрат» командасымен кездесу ұйымдастырып, жолдастық турнир өткізгені аңызға айналды. Ал шаңғышылары ешкімге дес бермейтін деңгейге жетті. Тоқтасын аға «Азимут» атты туристік-экологиялық өлкетану үйірмесін жүргізді. 1983 жылы «Менің елім» бағдарламасына қатысқан оқушылары бүкілодақтық жүлдені жеңіп алды. Асыл азамат Шелек аудандық халыққа білім беру бөлімінде де қызмет істеп, өңірдегі бұқаралық спорттың жандануына ықпал етті.
    Ұстаздықтың 50 жылы ішінде ол Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі атанды. «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталды. Өлкетанушы ретінде сіңірген еңбектері өзінше бір төбе. Санкт-Петербург, Мәскеу, Ташкент, Екатеринбург, Баянауыл, Көкшетау, Ыстықкөл, тағы басқа жерлерде туристік сапарда болып, жинақтаған тәжірибесін жұмыстарына сәтті пайдаланды. Жас ұрпақтың танымын тереңдетті. Ауыл, аудан, облыс, республика деңгейінде туризмді үйретіп, насихаттаудағы ерен еңбегі еленіп, Тоқтасын Мұсабайұлына Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризм академиясының академигі деген атақ берілді. Оның сертификатын бір топ ғалым арнайы келіп, салтанатты түрде табыс етті.
    Туған жердің тарихын тереңнен зерттеп, тың деректер жинаумен айналысқан Тоқаң мектептен тарихи өлкетану мұражайын ашты. XV-XX ғасырлардан сыр шертетін құнды деректерді жинады. Ауылдың неге Қорам атанғанын нақты деректермен дәлелдеп, облыстық газетке бірқатар мақала жариялады. Қорам батыр ­Сарымырза­ұлының ұрпақтарымен кездесулер ұйымдастырды.
    1992 жылы Шелек аудандық «Еңбек туы» газетіне жер, су аттары жайлы мақаласы шықты. Онда ауылдың негізгі аты «Шелек» емес, «Шілікті» екенін көрсетті. Облыстық мамандар кәсібін дайындау институты мен облыстағы мұражай қызметкерлері бас қосқан семинар өткізіліп, Тоқтасын Тұяқовтың озық тәжірибесі әріптестерге таратылды.
    Тоқтасын Мұсабайұлы 1960 жылдан бастап республикалық «Егемен Қазақстан», «Спорт», «Знания труда», облыстық «Жетісу», аудандық «Еңбек туы», «Еңбекшіқазақ», тағы басқа да газет-журналдарға спорт, туризм, экология, тарихи деректер, ғылыми зерттеулер жайлы мақалаларды үзбей жазып, артына өшпес ізін қалдырды. Мысалы, «Бұғыты – болашағы бар аймақ» деген мақаласындағы автордың болжамы дәл келді. Бүгінде бұл жерден кен орны табылып, қазір оны игеру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ «Қорамның минералды суы», «Нұрлы суы – халық игілігіне» деген зерттеулері, «Табиғатқа бап керек», «Ағаш отырғызайық, ағайындар», «Жапырақты өртемейік» секілді еңбектері ел назарын аударды. «Тауда туған тағдыр талғамайды» атты кітабы 2012 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрді. «Туған жерім – Қорамым» кітабы баспаға дайындалуда.
    Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы атанған Тоқтасын Тұяқовтың өнегелі өмірі – барша жұрт үшін көнермейтін ғибрат. Сондықтан көпшіліктің айтылған өтініші ескеріледі деген сенімдеміз.

    Анарбек Бердібаев,
    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    1 year ago
    Қой қоздап, қорада шу

    Қой қоздап, қорада шу

    1 year ago
    Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

    Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

    1 year ago
    Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

    Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

    2 years ago
    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды

    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.