-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ел қорғаны – жастар

    07.06.2024
    in Әлеумет, Идеология
    Ел қорғаны – жастар
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облыстық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Жастарды жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу жолдары», «Отан қорғау – абыройлы борыш» атты жиын өткен еді. Осынау шара Райымбек ауданының орталығындағы Б. Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясында жалғасын тапты.

    Аудандық ішкі саясат бөлімі, ардагерлер кеңесі және «Алатау жастары» ұйымы бірлесе өткізген шараға Ауған соғысының ардагерлері, «Нарынқол» шекара заставасының жауынгерлері, аудан орталығындағы үш мектептің 9-11 сыныбында оқитын ер балалары қатысып, маңызды мәселе төңірегінде ортақ ой тоғыстырды.

    Жиынды «Алатау жастары» ұйымының жетекшісі Данияр Ғабиден ашты. Алғашқы сөз тізгінін ұстаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Бірбаев Отанның тыныштығын қорғау әрбір азаматтың абыройлы борышы екеніне айрықша тоқталды. Халқымыз ер бала дүниеге келсе, елін-жерін қорғайтын азамат келді деп есі кете қуанып, ат шаптырып той жасаған. Кіндігін де, тұсауын да сөзге берік, іске мығым, ерліктің ерен үлгісін таныта білген, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтарға кестірген. Не үшін? Солардың жолын қусын, солардың бойындағы адами құндылыққа тән асыл қасиеттер өз баласының бойына дарысын деп ырымдаған.

    Ел іргесінің бүтіндігі – тыныштық туын көтерген батыр бабалардың ерен ерлігі. Бүгінгі ұрпақ аманатқа қиянат жасамай, солардың жолын жалғастыруға міндетті. Өкінішке қарай, қазір кейбір жастардың бойынан сондай асыл қасиеттерді көре алмаймыз. Ер азаматтар арасында әскерден қашқан оқиғалар жиі кездесіп, көңілге кірбің ұялатуда. Тәуелсіздігімізді баянды етеді деген жас жігіттер өзінің абыройлы борышын өтеуден қашса, Отанды кім қорғайды? Халық кімге сенім артады? Әңгімесін осылай өрбіткен Бекболат Ыбырайымұлы жасөспірімдерді ел тыныштығына тұтқа болатын нағыз ер болып қалыптасуға, жігіт деген абыройлы атқа кір келтірмеуге шақырды.

    Аталған жиында соғыс ардагерлері Берік Қасымханұлы, Бекболат Әбдірәсілұлы өздерінің Ауғанстанда, Таулы Қарабақта болған әскери жорықтары жайлы естеліктерімен бөлісті. Айбек Әлимолдаев, Аңсар Қалиоллаев сынды «Нарынқол» шекара заставасының жауынгерлері жастарды қасиетті борыштарын өтеуде қателіктерге бой алдырмауға, қиындықтан қашпауға, туған елінің сенімді қорғаны бола білуге үндеді. Отаншылдық рухты дәріптеген кездесудің жастар үшін маңызы зор болды деп ойлаймыз.  Мектеп оқушылары аға буынның айтқан әңгімелерін тебірене тыңдады. Отан қорғаудың қасиетті борыш екеніне тағы да көздері жете түсті.

    Жұмабек Тұрдиев,

    Райымбек ауданы  

    Ұсынымдар

    Сәтеннің сәнді бұйымдары

    Сәтеннің сәнді бұйымдары

    3 months ago
    Ұрпағына үлгі

    Ұрпағына үлгі

    6 months ago
    Қонаевта сумен қамту жүйесі жаңартуды қажет етеді

    Қонаевта сумен қамту жүйесі жаңартуды қажет етеді

    2 years ago
    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    1 year ago
    Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті

    Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>