-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    22.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке, Қауіпсіздік
    ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

            1995 жылы 19 қазанда елімізде Мемлекет бас­шысының №2541 Жарлығымен Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет құрылды. Кейіннен бұл құрылым еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болды. Содан бері уақыт талабына сай жасақталған министрлік қыруар жұмыс атқарып келеді. Сенбіде 29 жылдан бері халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген құтқарушылардың төл мерекесі Қонаев қаласында аталып өтті.

    Орталық алаңда ұйымдастырылған салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов ашты.
    – Бүгінде департамент жер­гілікті атқарушы органдармен бір­лесіп, материалдық-техникалық жа­рақтандыруды нығайту, құтқару бөлімшелерін цифрландыру және кадрлық әлеуетті арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта әлемдегі оқиғалар өрт сөн­діруші және құтқарушы маман­дығының қаншалықты сұранысқа ие, құрметті әрі маңызды екенін көрсетіп отыр. Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты бөлімдер де өрт сөндіру, апаттың салдарын жою, құтқару жұмысы секілді маңызды міндеттерді абы­роймен атқарып жүр, – деген облыс әкімінің орынбасары алдағы уақытта да батылдық пен қаһар­мандық танытып, қызметтік боры­шын адал атқаратындарына сенім білдірді. Одан кейін сөз алған облыстық төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Қабылов орталық алаңда сап түзеген жеке құ­рамды кәсіби мерекемен құттықтады.
    Сахна төрінде Нұржан Кеңесұлы адам өмірін құтқаруда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағ­дайлардың алдын алу мен жоюдағы қызметі үшін бірқатар азаматқа об­лыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Содан соң жиналған жұртшылық халқымыздың қауіпсіздігін бекемдеуге арналған техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесін тамашалады. Салтанатты шара әрі қарай Қонаев қалалық Мәде­ниет үйінде жалғасын тапты. Еліміздің Мемлекеттік Гимні шыр­қалып, қыз­меттік борышын өтеу кезінде қаза болған құтқарушылардың рухына тағзым ретінде бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұдан кейін көпшілік назарына төтенше жағдайлар қызметі жайлы бейнематериал ұсынылды.
    Кәсіби мерекені жоғары жетістікпен қарсы алып отырған зал толы қауымды құттықтаған облыстық төтенше жағ­дайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Тойшыбеков уақыт­пен санаспай, адам өмірін тілсіз жаудан сақтау, табиғи апаттар мен оның алдын алу жолында ерен еңбек сіңірген үздік қызметкерлерге министрлік пен департаменттің марапаттарын табыстады. Келесі кезекте Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектеп пен №38 мектеп-гимназияның «Жас өрт сөндіруші» әскери-патриоттық сыныбының шәкірттері өз өнерлерін ортаға салып, ән-жырдан шашу шашты.
    «Құтқарушы күні мерекесімен барша әріптестерімді құттықтаймын! Еңбегімізді елеп, марапатқа ұсынған басшылыққа алғысым шексіз. Мұндай марапат жұмысқа деген ынтамызды арттырып, жігерлендіреді. Сонымен қатар ізімізді өкшелеп келе жат­қан кейінгі буынға да үлгі-өнеге болмақ», – деді шарада сөз алған төтенше жағдайлар департаментіне қарасты кинология бөлімшесінің бастығы Бекзат Өмірзақұлы.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Астанада журналистер саябағы ашылды

    Астанада журналистер саябағы ашылды

    2 years ago
    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    2 years ago
    Алматы облысында аутизмге шалдыққан балалар көбейген

    Алматы облысында аутизмге шалдыққан балалар көбейген

    1 year ago
    Қарияларға құрмет көрсетті

    Қарияларға құрмет көрсетті

    8 months ago
    КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

    КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>