❄️
-1°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұлпарлар шықты жарысқа

    24.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тұлпарлар шықты жарысқа
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Ат бәйгесі дегенде делебесі қозбайтын қазақ бар ма?! Кейінгі жылдары еліміздің түпкір-түпкірінде ат спорты жанданып, жүлде қоры да ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге жетті. Ұлттық ойындардың дамуына Балқаш өңірінің азаматтары да айтарлықтай үлес қосып келеді. Аудандық ат спорты федерациясы жыл сайын аудан кубогын өткізуді дәстүрге айналдырған.

    Биылғы бәйгенің ашылу кезеңі көктем айында Желтораңғы ауылында ұйымдастырылған. Енді, міне, аталған жарыс Бақбақты ауылында қорытындыланды. Дүйім жұрттың алдында эстафетаны қабылдап алған бақбақтылық азаматтар өз қаражаттарына жүлде тағайындап, ат бәйгесін ойдағыдай өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады.
    Жарыс қорытындысы бойынша 7 шақырымға созылған тай бәйгесінің алдын бастап келген Бақбақты ауылының азаматы Қасым Алтынбайдың «Бозбиік» атты арғымағы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, Бірлік ауылының тұрғыны Алмат Мамырбаевтың «Бақторысы» – ІІ орын, ал бақанастық Айдын Сапарғазинның «Сакура» есімді жүйрігі ІІІ орын алды.
    Келесі кезекте бәйге алаңына 15 шақырым бойынша бір-бірімен жарыса шапқан құнандардың жүлдесі табысталды. Бұл жарыста Көкжиде ауылының намысын қорғап жүрген атбегі Айгелді Көмековтің арғымағы – «Көзмоншақ» бірінші келді. Береке ауылының азаматы Омар Сүлейменовтің «Қарамергені» мәре сызығына екінші болып жетті. Жүлделі ІІІ орын Көктал ауылының атбегі Алмаз Жетпісбаевтың «Башка» арғымағына бұйырды.
    Бұдан кейін жұп-жұмыр тұяқтарымен жер тарпыған тұлпарлар бақ сынаған аламан бәйгенің жеңімпаздары марапатталды. Жарыста бабы мен бағы жанған Бақбақты ауылының азаматы Өмірсерік Октябровтың «Қарақұйрығы» қара үзіп, бас жүлдеге тігілген автокөлікті еншіледі. Сондай-ақ ІІ орынды Бақанас ауылының тұрғыны Қайролла Маусымовтың «Тәуекелі» қанжығаласа, ІІІ орын Береке ауылының атбегі Омар Сүлейменовтің тұлпарына бұйырды.
    Марапаттау барысында арғымақтары бәйгелі болған атбегілерге бас жүлдеге тігілген автокөліктен басқа да техникалар, бағалы заттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
    Бағзы заманнан бері сайын даланы еркін жайлап, таза ауасымен тыныстап, сары қымызын сапыра ішіп, шашасына шаң жұқтырмайтын сәйгүліктерді таңдап мініп, дұшпанына бас имеген көшпенділердің атбегілік өнері тылсым сырға толы. Бабалардың салып кеткен сара жолын жалғап, келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ат бәйгелерінің жастарға берер тәрбиесі мол.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Дән егіп, терлеген

    Дән егіп, терлеген

    2 years ago
    Президент: Еліміз үшін Бірлік күнінің маңызы зор

    Президент Қазақстан халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

    2 years ago
    «Дәрігер бұрышы» акциясы өтуде

    «Дәрігер бұрышы» акциясы өтуде

    1 year ago
    Казахстан значительно улучшил позиции в индексе открытости

    Казахстан значительно улучшил позиции в индексе открытости

    6 months ago
    Ат үстіндегі әділ айқас

    Ат үстіндегі әділ айқас

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>