-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 1500 гектар аумақта 3,3 млн ағаш отырғызылады

    18.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Үкімет, Экология
    100-ден астам ағаш отырғызылды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Премьер-министр Олжас Бектенов британдық SEFE Marketing& Trading Limited компаниясының активтерді басқару жөніндегі вице-президенті Александр Демидовпен және қазақстандық «SAFC» ЖШС директоры Юрий Киммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

    Қазақстандағы алғашқы орман климаттық жобасын іске асырудың мысалында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Қазақстан Президентінің қатысуымен 2023 жылғы желтоқсанда Дубайда өткен СОР 28 Дүниежүзілік климаттық саммиті аясында жасалған меморандум шеңберінде бүгін Астана қаласында британдық компанияның 30 жыл бойы орман отырғызуға және көміртегі бірліктерін шығаруда инвестицияларын көздейтін SEFE Marketing & Trading Ltd. және «SAFC» ЖШС арасында келісімге қол қойылды.

    Жоба Алматы облысында 1500 га аумақта орман экожүйесін құруға бағытталған. Терек, қарағаш және ілеспе тұқымдарды (тораңғы, қайың, ерен ағашы, итмұрын, шырғанақ және басқалары) қоса алғанда, 3,3 млн ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Іске асыру су үнемдеу технологиялары мен қарқынды агротехниканы пайдалана отырып жүзеге асырылмақ. Болжам бойынша, ластаушы заттардың шығарылуының орташа жылдық төмендеуі гектарына 26 тонна CO₂ құрайды. Небәрі 30 жыл ішінде 1,2 млн тонна көмірқышқыл газы жойылады, бұл гектарына 780 тонна CO₂-ға тең. Сонымен қатар агроорман шаруашылығын дамыту, экотуризм және жұмыс орындарын ашу тұрғысынан тиімді нәтиже күтілуде.

    Премьер-министр экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету бойынша бизнеспен бірлескен жұмыстың маңызына тоқталды.

    «Мемлекет басшысы Жолдауында экология, Қазақстанның табиғи байлығын сақтау және көбейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ормандардың көбеюі біз үшін өте маңызды. Біз экологиялық жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Үкімет экожүйені қалпына келтіруге, көміртегі ізін азайтуға, жасыл экономиканы дамытуға және басқа да негізгі мәселелерге бағытталған жобаларды қолдайды», — деп атап көрсетті Олжас Бектенов.

    SEFE вице-президенті Александр Демидов пен «SAFC» ЖШС директоры Юрий Ким әңгімелесу барысында жобаның Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін бірегейлігі мен маңызын атап өтті. Бастама — бизнестің, мемлекеттің және халықаралық әріптестердің тиімді өзара іс-қимылының үлгісі.

    ҚазАқпарат

    Ұсынымдар

    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    2 years ago
    Академиялық мобильділік  – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    Академиялық мобильділік – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    1 year ago
    Архив – халықтың шежіресі

    Архив – халықтың шежіресі

    1 year ago
    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

    10 months ago
    Тарихшы ғалым: Қарадала тарихы әлі жете зерттелмеген

    Тарихшы ғалым: Қарадала тарихы әлі жете зерттелмеген

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.